«Қолдау көрсетейік!»: Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова жылап қалды

25 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: Бейнежазбадан кескін / Мөлдір Мұқанованың жылаған сәті

Продюсер әрі актриса Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы Instagram-да жарияланған сәттен-ақ желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнекадрда көзіне жас алған Мөлдір: «Адам – күлімдеген бейне. Камера сыртында – көз жасына тұнған шындық. Бұл – жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!» деп жазба қалдырған.

Эмоциялық сәтті бөліскен актрисаның бұл видеосы елді бей-жай қалдырмады. Бірі қолдап, оның мықты әйел екенін айтса, енді бірі мұны хайп деп бағалады.

Қолдау білдірген желі қолданушылары:

– «Сен мықтысың, біз саған әрқашан тілеулеспіз!»
– «Қыздар, бірге киносына барып, қолдау көрсетейік!»
– «Жүрегі қиналса да, жүзінен күлім кетпейтін әйелдер аман болсын!» – деген сөздер қалдырған.

Алайда жағымсыз пікір де жоқ емес:

– «Жаңа әніне жарнама жасап отыр»,
– «Бұл да хайп, концертке адам шақырудың амалы»,
– «Байы қайда, неге үнсіз?» – деген жазбалар да көрініс тапты.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты пікірлерге жауап берген еді.


Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен тарап жатқан «Арамызда қалсын бәрі» әні тыңдарманның ерекше ықыласына бөленіп жатыр. Әнді орындаған Мөлдір Мұқанова мен Амантай Әбеннің лирикалық дуэті көпшілікті елең еткізді.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов жылады