«Балалар қатты қиналды»: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі отбасылық жанжалға қатысты пікір білдірді

30 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Суретте Тұрсын Алагөзов пен Ляйсира Марат. Коллаж: Anyqtime.kz

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, балалардың әке тегінен не үшін бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Alash.kz порталына сілтеме жасап.

Ляйсираның айтуынша, 2015 жылы отбасылық өмірлерінің 25 жылдығын атап өткеннен кейін, бір жылдан соң Тұрсын Алагөзов басқа адаммен бірге Тбилисиге кеткен. Бұл жағдай бүкіл отбасы үшін, әсіресе балалар үшін ауыр соққы болған.

— Сен махаббат пен адалдыққа ант берген едің. Бірақ бір жылдан кейін бәрін жоққа шығардың. Балалар өте ауыр қабылдады. Қазір сені олармен ештеңе байланыстырмайды. Сондықтан айтқан сөздерің үшін кешірім сұрауыңды талап етемін, – деді ол.

Балалардың әке тегінен бас тартуына қатысты ол бұл – өз еріктерімен жасалған шешім екенін атап өтті.

— Амина тегін үш айдан кейін өзі ауыстырды. Арсен бір жарым жыл ойланып барып өзгертті. Мен өзім де ол кісі үйден кеткенде Марат тегіне өттім. Бұл – реніш емес, саналы таңдау, – деп түсіндірді Ляйсира Марат.

Сондай-ақ ол Алагөзовтің бұл жағдайға қатысты пікірін шындыққа жанаспайды деп есептейді және балалардың таңдауының құрметтелуін сұрайды.


Тағы оқыңыз:

🔗 «Киімімді ғана алдым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы жұбайымен қалай ажырасқанын айтты

🔗 «Екеуіміз де отбасылы болдық»: Баян Алагөзова Тұрсын Алагөзовпен алғашқы кездесуі жайлы ашық айтты

Тэгтер:

Тұрсын Алагөзов Ляйсира Марат балалары тегі