«Бауы берік болсын!»: Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығымен бөлісті

3 шілде, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: Инстаграм парақшасынан

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның айтуынша, қарындасы тұңғыш сәбиін дүниеге әкелген, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

«Сүйінші, ағайын! Қарындасым мен күйеубалам ұлды болды. Ал мен көке атанып жатырмын. Естеріңізде болса, қарындасымды тура бір жыл бұрын дәл осы күні ұзатқанбыз. Араға бір жыл салып, тура сол күні босанды», – деп жазды Өтепбай.

Сондай-ақ ол Алматы қаласындағы №3 перзентхана ұжымына алғысын білдіріп, әрбір ананың аман-есен босанып, сәбиін бауырына алуын тіледі.


Руслан Өтепбай – танымал қазақстандық тележурналист, блогер әрі әлеуметтік мәселелерге белсенді үн қосып жүрген медиа тұлға. Ол Instagram және YouTube желілерінде мыңдаған оқырманның ықыласына бөленіп жүр. Русланның журналистік бағыты – әлеуметтік әділетсіздік, құқық қорғау, тұрмыстық проблемалар және сот істері секілді қоғамда резонанс тудырған оқиғаларды жариялап, халық үніне құлақ асу. Соңғы уақытта ол Ақнәр оқиғасы мен Шерзат Полат ісіне қатысты репортаждарымен көптің назарын аударды. Сонымен қатар, "Көреміз" жобасы арқылы түрлі әлеуметтік жағдайларды тереңірек қозғап, халықпен тікелей байланыс орнатты. Қазір де ол YouTube арнасында, Instagram парақшасында түрлі өзекті мәселелерді көтеріп, жаңа форматтағы әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Журналист ретінде оның еңбегі қоғамдағы түйткілдерді көтеріп, билікке жеткізуде үлкен рөл атқаруда.

Тэгтер:

Руслан Өтепбай Алматы қаласы