Айқын бесінші рет әке атанбақ: Желіде құттықтау мен сын қатар жүр
Әнші Айқын Төлепберген көпшілікпен жағымды жаңалығын бөлісті — ол жуырда бесінші рет әке атанбақ, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Кішкентайдың иісімен мас боламыз»
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сәби күтіп жүргендерін айтып, қуанышымен бөлісті.
«Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды Айқын.
Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан көп балалы әкелерге қандай жеңілдіктер қарастырылғанын сұрады:
«Айтпақшы, көп балалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Бесплатный проезд, ақшалай пособие дегендей».
Құттықтаған да бар, сын айтқан да бар
Желі қолданушыларының кейбірі бұл жаңалықты қуана қабылдап, игі тілектерін жаудырса, енді бірі әншінің жеке өміріне қатысты сыни пікірлер жазған.
«Жұлдызға 5-ші деп қыстырып жіберген қалай кетті? Ол екі баланың анасы бар емес пе», – деп жазған қолданушылардың бірі.
Тағы бірі: «Әр жерде ұрпақ шашып жүргендерге жеңілдік жоқ» деп пікір қалдырды.
Дегенмен, жылы лебіз білдіргендер де аз емес:
«Құтты болсын! Бүгін көрген ең керемет жаңалық»,
«Дені сау болсын. Сәби деген керемет қой»,
«Аман-есен бауырларыңызға басыңыздар», – деп қуаныштарына ортақтасты.
Айта кетейік, Шымкенттегі тойдан кейін ұшағына үлгермей қалған әнші Мақпал Жүнісова өзіне уәде берген жігіттің сөзіне сеніп қалғанына өкінетінін айтқан еді.