UFC-дегі ең жылдам нокаут үшін қазақстандықтың гонорары жарияланды
Қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегінде Канаданың Монреаль қаласында өткен турнирде қарсыласын нокаутқа түсіргені үшін 2 миллион теңге алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сітеме жасап.
Еске сала кетейік, ММА спортшысы Бекзат Алмахан Брэд Катонамен (14-5) болған жекпе-жегін 64 секундта аяқтап, UFC-дегі қазақстандықтар арасындағы ең жылдам нокауттың авторы атанды.
MMAJunkie басылымының мәліметінше, Бекзат UFC 315 турниріне қатысушылар арасындағы ең аз гонорар алған спортшы болды.
UFC 315 турниріндегі кейбір жекпе-жек қатысушыларының гонорарлары:
Джек Делла Маддалена — 32 000 доллар
Белал Мухаммад — 42 000 доллар
Валентина Шевченко — 42 000 доллар
Манон Фьоро — 32 000 доллар
Айман Захаби — 6 000 доллар
Жозе Альдо — 21 000 доллар
Наталия Силва — 6 000 доллар
Алекса Грассо — 11 000 доллар
Бенуа Сен-Дени — 6 000 доллар
Кайл Преполека — 4 000 доллар
Майк Маллотт — 6 000 доллар
Чарли Радтке — 4 500 доллар
Жасмин Жасудавичус — 6 000 доллар
Джессика Андраде — 21 000 доллар
Модестас Букаускас — 6 000 доллар
Ион Кутелаба — 16 000 доллар
Навахо Стерлинг — 4 000 доллар
Иван Эрслан — 4 000 доллар
Марк-Андре Баррио — 11 000 доллар
Бруно Силва — 11 000 доллар
Даниэл Сантос — 4 500 доллар
Чон Ен Ли — 4 500 доллар
Бекзат Алмахан — 4 000 доллар
Брэд Катона — 6 000 доллар
Катонаға қарсы жекпе-жектен кейін көптеген жанкүйерлер Бекзат кештің «ең үздік жекпе-жегі» үшін бонус алуы керек деп есептеген, бірақ промоушен басшылығы бұлай шешпеді. Осылайша, Алмаханның нокаут үшін алған жалпы қаламақысы — 4 000 доллар, яғни шамамен 1,9 миллион теңге болды.
Айта кетейік, бұл жеңіс Бекзаттың кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі болды. UFC-дегі қазіргі көрсеткіші — 1 жеңіс, 1 жеңіліс. Ол ұйымдағы дебютін 2024 жылдың наурызында ресейлік Умар Нурмагомедовпен өткізген. Сол жекпе-жекте Бекзат төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңілгенімен, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген сәтімен есте қалған болатын.