«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника өкілі неге ренжіді?
Экомед клиникасының өкілі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желіде Елдос Колобоктың әке атануы туралы пікір білдіріп, бұл жетістіктің артында клиниканың ұзақ жылғы еңбегі тұрғанын еске салды. Ол әпкесі Салтанат Байқошқарованың бедеулікке қарсы күресте орасан үлесі бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Ұрығы мүлде жоқ еді» деген сөз жұрттың ашуын келтірді
Перизат Байқошқарова бұл жағдайдың еліміздегі көптеген ерлі-зайыптылар үшін үміт оты екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Елдос Колобоктың ұрығы мүлдем болмаған, ал сәби сүюіне мүмкіндік берген – Экомед клиникасының арнайы микроскоп аппараты. Осындай күрделі оталар онда күн сайын жасалатынын жеткізді.
Алайда клиника өкілінің бұл пікірін көпшілік құптамады. Әлеуметтік желі қолданушылары Перизат ханымның сөзін тым қатқыл, ашулы қабылдап, медицина этикасына сай келмейтінін алға тартты.
Желіде қызу талқы тудырды
Көпшілік бұл сөзді «Алланың бұйрығы мен ЭКО әдісі арқылы жеткен қуаныштың өзін меншіктеп алу» ретінде қабылдады. Пікір қалдырушылар арасында:
– «Бедел арттырамын деп, абырой кеміп тұр»;
– «Клиниканың еңбегін жоққа шығарған ешкім жоқ, бірақ мұны жарнамалаудың қажеті жоқ еді»;
– «Ұрығы жоқ деп жариялауға сіздің қандай құқыңыз бар?» – деген секілді сыни жазбалар басым болды.
Сұрақ көп, этика қайда?
Желіде таралған бұл мәлімдеме дәрігерлік құпия мен этика мәселесін де қозғап отыр. Қоғам назарын аудартқан жайттан кейін Экомед клиникасы немесе Елдостың өзі ресми жауап қайтара ма – ол жағы белгісіз. Бірақ желідегі қызу реакция Перизат Байқошқарованың бұл әрекетін қолдаудан гөрі, сөгуге көбірек ұқсайды.
Айта кетейік, осыған дейін блогер "Колобоктың" әке атанғаны туралы жаңалық тараған соң, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл оқиғада демеу көрсетіп, бастамашы да болғанын айтып еді.