«Ешкімнің беделіне қарамаймыз»: Елдос Колобок қандай шындықты жарияламақ?
Әзілкеш әрі асаба Елдос Кәдірханов (желіде "Колобок" атымен танымал) жұбайының жүктілігіне қатысты көптен бері әлеуметтік желіде талқыланып жатқан тақырыпқа нүкте қоюға бел буды. Ол Instagram парақшасында жариялаған соңғы жазбасында бұған дейін үнсіз қалып келгенімен, енді үндемей қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Жақсылық істесең де жақпайды екен»
Блогер өз жазбасында:
«Біреуге көмектессең – ұнамайсың, үндемей отырсаң – одан бетер. Енді үнсіз отыра алмаймыз. Ертең бәрін ашып айтамыз. Ешкімнің көңіліне, не атағына қарамаймыз», – деп ашынып жазды.
Сондай-ақ ол өздерін емдеген дәрігерлер туралы жылы пікір білдіріп, ешқандай өкпе жоқ екенін атап өтті.
«Бізге қолынан келгенін аямаған дәрігерлерімізге рахмет. Олар қай клиникада жұмыс істесе де, мен сол клиниканы жарнамалаймын. Өйткені олардың біліктілігіне көзіміз жетті», – дейді Елдос.
Блогердің бұл жазбасы оның жақында бірқатар шындықты көпшілікке жайып салатынын аңғартады.
«Қазір жылап алайық, ертең сөйлейміз»
Пост соңында асаба бүгінше эмоцияға ерік беретінін, бірақ ертең бәрі өзгеретінін ескертті.
«Бүгінше жылап алайық, ертең ДІҢК ДІҢК деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Телефон соғып, тоқтатамын деп ойлағандар – әуре болмасын. Ешкімнің қоңырауына жауап бермейміз», – деп түйіндеді сөзін.
Желі қолданушылары бұл жазбаны «ертең жарылатын бомба» деп бағалап, блогердің алдағы мәлімдемесіне алаңдаулы.
Бұған дейін не болған?
Айта кетейік, осыған дейін жұбайлардың отбасындағы жаңалыққа қатысты түрлі пікірлер тараған еді. Әсіресе, аты танымал “Экомед” клиникасының негізін қалаған Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Перизат Байқошқарова TikTok желісінде мәселенің астарын аңғартқан бейнежазба қалдырған.
Ол жазбада атақты жұпты ашық айыптағандай сарында үндеу болғанымен, Елдос пен Таңшолпан бұл жөнінде көпке дейін тіс жарып, ешқандай мәлімдеме жасамаған.
Алайда, Колобоктың бүгінгі мәлімдемесі ертең айтылатын шындықтың салмағы ауыр болатынын байқатады.
Көпшілік «Елдос қандай сырды ашпақ?» деген сауалмен желіні жіті бақылап отыр.