Гүлнұр Оразымбетова мен Мақпал Жүнісованың бейнежазбасы жұртты сүйсінтті
Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Мақпал Жүнісова мен әнші әрі тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова арасындағы көңілді сәт әлеуметтік желі қолданушыларының назарына бірден ілікті, - деп хабарлайды ANYQTIME.KZ
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Мақпал Жүнісова суретке түспес бұрын Гүлнұр Оразымбетоваға әзілдеп: «Туфлиіңді шешші, тым ұзын болып кетесің» – деп айтып, көңілді күймен қалжыңдағанын көруге болады. Бұл сәт желіде үлкен қызығушылық тудырып, көпшілік тарапынан күлкілі әрі жылы қабылданды.
Гүлнұр Оразымбетова да бұл сәтті еркелікпен қабылдап, Instagram желісіндегі жазбасында:
«Мақпал апайым қатты еркелетеді. Қазақ ән сахнасының аңыздарымен бірге жүргеніме шүкір», – деп ағынан жарылды.
Бұл бейне көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, желіде кеңінен тарап жатыр. Қос өнер иесінің арасындағы осындай шынайы, көңілді сәттер қазақ шоу-бизнесінің адамдық әрі достық атмосферасын паш еткендей.