«Бес баласы қалды»: Айзирек Ералиеваның өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
Фото: коллаж Anyqtime.kz

«Бес баласы қалды»: Айзирек Ералиеваның өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды

Айзирек Ералиеваны өлтірді деген күдікпен қамауға алынған азаматтың ағасы марқұмның бес баласын қамқорлығына алуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Бишкек online-ғас сілтеме беріп хабарлайды.

Қайғылы оқиға 26 мамыр күні кешкі сағат 23:20 шамасында тіркелген. 38 жастағы Айзирек Ералиева оқ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 1985 жылы туған марқұмның күйеуі А.Б. ұсталып, тергеу сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Марқұмнан артында бес бала қалды. Үлкені – 17 жаста, екіншісі – 9-сынып оқушысы, үшінші бала – 11 жаста, төртінші қызы – 7 жаста, ал кенжесі – небәрі 4 жаста. Олардың болашағына қатысты алаң көңілдер күшейіп тұрған шақта, күдіктінің ағасы балаларды қамқорлығына алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайында марқұмның туыстарына құқықтық қолдау көрсетіп жүрген омбудсмен институты хабарлаған.


🔗 «Қызғаныш – қылмысқа жетеледі»: 20 жылдық кездесуде әйелін атып тастады


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Жамиля Жаманбаева бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, елімізде отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

«Айзирек Ералиеваның өлімі – елімізде әйелдердің қауіпсіздігі мәселесіне мықтап назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр», – деді омбудсмен.

Мекеме деректеріне сүйенсек, 2024 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 40 шағым тіркелген. Ал 2025 жылдың алғашқы бес айында мұндай 11 өтініш түскен. Бұған дейін омбудсмен институты әйелдер мен балаларға жасалатын қысым бойынша арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесін Министрлер кабинетіне және Бас прокуратураға жолдаған. Онда уәкілетті органдардың жұмысын күшейту туралы нақты ұсыныстар берілген.


🔗 Сыныптастардың 20 жылдық кешінде қаза тапқан келіншектің соңғы видеосы тарады